Зиялы қауым

lat: Zıaly qaýym

Мәдениет пен ғылымның, техниканың салаларынан арнайы дайындығы, білімі бар адам, ой еңбегінің қызметкерлері. З и я л ы  қ а у ы м елдің элитасы болуы ойдан, қиялдан туған дүние емес, ол ұлттың еркіндікке, бостандыққа ұмтылған зәрулігінен туындаған құбылыс («Қаз. әдеб.»). Қостанай қаласының з и я л ы  қ а у ы м ы жиналып, М.Сералинді еске алған жақсы шара өткізді («Егемен Қазақстан»). Шақырып жатса қашам ба Қ а у ы м н а н өзім з и я л ы?! Қасыма менің Қашанда Тағы бір жақсы сияды! (Қырзалиев, Мәңгі майдан).